Елбасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2018 жылдың 13 сәуір күні Саумалкөл қазақ орта мектебінің ұжымы Елбасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымның танысты.
2018 жылдың 12 сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толды. Бұл бағдарламада «Жаңа  гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы туралы айтылған еді. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып,жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау-алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады. Кешегі күні Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен осы жоба бойынша жасалынған жұмыстардың нәтижесі таныстырылды. «Бүгін басылып шығып жатқан оқулықтарымен біздің қазақтілді балалар әлі таныс емес. Сондықтан біз біріншден қазақ тілін байытып, екіншіден білім беру саласын осылайша одан әрі жетілдіруіміз керек. Біз осы жобаны талқылау үшін жиналып отырмыз, — деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ  тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымы барысында. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 18 кітап пен оқу әдістемелерін ұсынды. Кітаптар ғылыми білімнің кең ауқымын қамтиды, оның ішінде философия, әлеуметтану тілдерді оқыту, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану,антропология, журналистика мен т.б салалар бар. Біздің ойымызша жоба тың серпін беретін бағыттардың біріне айналмақ. Аталмыш жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып,оқу үрдісіне енгізеді. Сөйтіп, ең бастысы өскелең ұрпақтың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсері хақ. Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіге айналарыны сенім зор.

Дата публикации: 13.04.2018